- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Ақпан, 2024
Алматыда автобустар соқтығысты

Алматыдағы Райымбек даңғылында бірден үш автобус соқтығысты, - деп хабарлайды Алматы қаласының Полиция департаменті.
"Бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі алдында келе жатқан 133-бағыттағы қоғамдық көлікпен, сондай-ақ "Нексиа" маркалы көлікпен соқтығысқан. Осы кезде 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан 88-ші бағыттағы автобуспен соқтығысқан", - Алматы қалалық Полиция Департаменті баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомтсво зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгенін мәлім етті.
"Жол-көлік оқиғасына қатысқан үш қоғамдық көлік те жеке тасымалдаушыларға тиесілі. ЖКО дерегін Медеу аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді департамент.
Фото: видеодан скриншот

1525 рет
көрсетілді0
пікір