Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 13 Ақпан, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/aqorda_resmi

1515 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз