- Аймақ тынысы
- 19 Ақпан, 2024
Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты

Семей қаласындағы "Бирюса" сауда үйінде өрт болды, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды. ГТҚҚ буыны дереу құрылып, барлауға кірісті.
Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды.
Өрт 14-26 оқшауланып, 16-25 сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала ауданы 15 ш.м. құрайды. Өрттің себебі анықталуда.
Фото: semeynews.kz

380 рет
көрсетілді0
пікір