Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Ақпан, 2024

Қазақстан делегациясы VI Бүкіләлемдік этноспорт форумына қатысты

Анталия қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының көмегімен қазақстандық делегация VI Бүкіләлемдік этноспорт форумының жұмысына қатысты, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Делегацияны Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров басқарды.

Форум аясында қазақстандық делегация Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды, сондай-ақ форумға қатысушыларды ағымдағы жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар форум шеңберінде қазақстандық делегация Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшысы Билял Эрдоғанмен кездесу өткізді. Сұхбат барысында Б. Эрдоғанды Қазақстанға кері санақ тақтасын іске қосу және Наурыз мейрамын мерекелеу рәсіміне қатысуға шақырды. Өз тарапынан конфедерациясының басшысы шақыру үшін алғысын айтып, Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сәтті өтетініне сенім білдірді.

Форум қорытындысы бойынша Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы мен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы арасында екіжақты келісімге қол қойылды.

910 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз