- Аймақ тынысы
- 21 Ақпан, 2024
Қатон-Қарағай ауданында қар көшкіні түсті

ШҚО Катон-Қарағай ауданында қар көшкіні түсті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 ақпанда Катонқарағай ауданында шамамен 8:40-та "Өскемен-Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автожолының 436 шақырымында қардың көп түсуіне байланысты жалпы көлемі 7600 т.м. қар көшкініні өздігінен түсті.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізуде.

319 рет
көрсетілді0
пікір