Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Ақпан, 2024

Ақтөбеде салық төлеуден жалтарғандар сотталды

Ақтөбеде салық төлеуден жалтарғандар сотталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде сот «Азия Бақанас» ЖШС басшысы Ақыш Мұратқа және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 млрд теңгегежуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады. 

Тергеу барысында анықталғандай, ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған.

Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады.

385 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз