Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Ақпан, 2024

Кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша тергеу басталды

Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастауға бастамашылық жасады.

Мектеп жасындағы бала «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелгені анықталды.

Тексеріс көрсеткендей, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы «Пионерский» балалар үйіне тапсырылған.

Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады.

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

162 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз