- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 21 Ақпан, 2024
Тайландта екі қазақстандық қыз құлдықтан босатылды

Таиландта екі қазақстандық қыз құлдықтан босатылды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада өткен брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қыздар шет тілдерді білуінің арқасында жұмысқа қабылданған, бірақ соңында құлдықтан бір-ақ шыққан.
«Қаңтар айының соңында Таиландтағы консулымызға еңбек құлдығында қазақстандықтар бар екендігі туралы хабарлама келді. Және ол оны сол жерден шығаруға көмектесуін өтінді. Жергілікті билікпен өзара іс-қимылдан кейін еңбек құлдығында Қазақстанның екі азаматы бар екені белгілі болды. Бір ай бойы біз келіссөздер жүргіздік. Нәтижесінде қыздар босатылды, енді олар Қазақстанға ұшады», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

489 рет
көрсетілді0
пікір