- Айна
- 21 Ақпан, 2024
Алматыда халыққа ауқымды түсіндіру жұмыстары басталды
Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен ТЖМ жедел тобы мегаполис тұрғындары арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Мақсаты-халықтың қысылтаяң жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру, жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер туралы ақпаратты жеткізу үшін азаматтарды барынша қамту, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Осыған байланысты ТЖМ және ТЖД қызметкерлері ТЖ органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарды, қоғамшыларды, биік тұрғын үй кешендерінің кіреберістеріне жауапты адамдарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Оларға жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар және дабыл сандығын дайындау, халықты қабылдау пункттеріне дейін эвакуациялау жолдары туралы түсіндірмелер жеткізіледі. Сонымен қатар, оларға «Watsаp» мессенджерлері арқылы тұрғындарға осы ұсыныстарды тарату ұсынылды.
Бұл жұмысты халықпен тікелей жүргізу әрбір азаматтың жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.
328 рет
көрсетілді0
пікір