- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 21 Ақпан, 2024
Астанада әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинар өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп журналистерге, баспасөз қызметтеріне, БАҚ және қауымдастықтар блогына арнап әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Семинардың спикері ретінде Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілдері сөз сөйледі.
Тренингтің 60 қатысушысына дағдарыс жағдайындағы жұмыстың ерекшеліктері түсіндірілді. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен оның туындауы, әскери жанжал мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар мен соғыс қимылдары аймағында жұмыс істеген кезде журналистердің қауіпсіздігі мен өзін-өзі ұстауы, терроризмге қарсы ақпараттық әрекеттегі БАҚ-тың рөлі талқыланды.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі халықтың медиа сауаттылығын және журналистердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады. Университеттермен медиа сала мамандықтарының білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, ҮЕҰ - мен бірлесіп медиа және ақпараттық сауаттылық, журналистердің біліктілігін арттыру, оқушыларды медиа сауаттылық дағдыларына оқыту мәселелері бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Ведомство әрқашан ынтымақтастық пен жаңа білім беру жобалары үшін ашық екенін атап өтемін. Бүгінгі семинар аясында қатысушылар тәлімгерлерден қажетті білім, пайдалы тәжірибе алғанына сенімдімін», — деп атап өтті Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.
Барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.
308 рет
көрсетілді0
пікір