Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Наурыз, 2024

Ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласының «Достық үйі» ғимаратында ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz

Дөңгелек үстел жұмысына салалық ғылым академиялары мен Қазақстан ғалымдарының кәсіби бірлестіктерінің басшылары қатысты. Жиынды ашқан Ұлттық ғылым академиясының Президенті А. Күрішбаев Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев отандық ғылымды дамыту қажеттігін үнемі атап көрсететіндігін және ел экономикасын жедел дамытудағы рөлін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылдайтындығын атап өтті. 

"Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Сіздерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» - дейді қазақ атамыз.

Бүгінгі таңда - салалық Академиялар, ғылыми ұйымдар Ұлттық Академиямен бірлескен меморандумдарға қол қойды. Осы іске жауапкершілікпен қарап, бірге жұмыс істеуге ниет білдіргендеріңіз үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін!" - деді Ұлттық ғылым академиясының Президенті.

Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысының мұндай қолдауы біздің ортақ күш-жігерімізді бір мақсатқа – зерттеу қызметін сапалы қалыптастыруды қамтамасыз етуге, оның тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға міндеттейтінін қосып айтты.

Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар еліміздің алдында тұрған ғылыми-технологиялық даму саласындағы міндеттерді шешу тәсілдерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс атқару туралы шешім қабылдады.

298 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз