- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 06 Наурыз, 2024
Астанада экспорттаушылардың екінші форумы өтеді

26 наурызда Астанада «Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы екінші экспорттаушылардың форумы өтеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ ұйымдастырады.
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарының, іскер топтарының өкілдері қатысады.
Форум Қытаймен сауданы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болады. Басым тауарлардың экспортына, логистикаға, сертификаттауға, сондай-ақ Қытай тарапымен бірлескен өзара тиімді жобаларды жоспарлауға ерекше назар аударылатын болады. Форумға Қытайдан 120-дан астам ұйымның өкілдері шақырылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда өңделген өнімді 740 белсенді экспорттаушы бар. Оның 80%-ға жуығы шағын және орта бизнес өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы экспорттаушылардың алғашқы форумы Қазақстанның экспортқа бағдарланған 70-ке жуық компаниясын жинады. Іс-шара аясында өз өнімдерін сыртқы нарықтарға белсенді түрде ілгерілететін отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті.
Фото: gov.kz

276 рет
көрсетілді0
пікір