- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 02 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысындағы ахуал қандай?
Ұлытау облысының әкімі өңірдегі ахуалды баяндады. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтар болсақ, су тасқыны кезеңінен бастап өңірдегі 25 елдімекен мен шаруа қожалықтарында су басу қауіпі төну факторы тіркелген.
Облыс аумағындағы 9 автожолдың учаскерлерінде еріген қар суының тасу фактілері орын алды. Қазіргі таңда 6 жол қалыпқа келтірілді, 3 жол бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында барлығы 138 бірлік техника (12 су сорғы құралдары, 4 қайық), 418 адам, жұмылдыра отырып 25 елді мекен мен шаруа қожалықтардан 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды. Тасқын су салдарынан қатынассыз қалған адамдарды эвакуациялау және құтқару үшін Жезқазған қаласының әуежайында орналасқан МИ-8 тікұшағы тартылды.
Үйлер мен аула аумақтарын тасқын сулардан жою мақсатында 3500 дана қапшық төселді, шамамен 56 213 текше метр су сорылып, 25 000 метр қорғаныс бөгеті көтерілді.
Облыс аумағындағы негізгі Кеңгір, Сарысу, Жезді өзендері мен 25 гидротехникалық құрылғы бақылауда.
Кеңгір су қоймасының жобалық көлемі 319 млн. текше метр құрайды, қазіргі таңда 304 млн. текше метр су жиналып, жоспарлы ағызу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 155 млн. текше метр су ағызылды.
Бүгінгі таңда облыстың Қарағанды облысымен шекаралас аудандарында қардың әлі толық ерімеуіне байланысты, судың облыс көлеміне келуі бақылауда.
Фото: gov.kz
265 рет
көрсетілді0
пікір