Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Сәуір, 2024

Алматыда Александр Затаевичтің 155 жылдығына орай көрме ашылды

Алматыда Александр Затаевичтің 155 жылдығына орай көрме ашылды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап
ҚР Орталық мемлекеттік музейінде музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Александр Затаевичтің 155 жылдығына орай «Дала әуенінің ізімен» атты көрме ашылды.
Көрмеде 50-ден астам экспонат ұсынылған. Олардың қатарында фотоматериалдар, мақалалар, өлеңдер жинақтары, кітаптар және музыкант-этнографтың жеке репертуарындағы дала әуендерінің ноталық жазбалары бар. Сондай-ақ келушілер композитордың қызына жазған хаттарын, Затаевичтің 1925 жылы Әліби Жангелдинге берген қолтаңбасын және қазақ әндері мен күйлерін түсіру барысында жасалған фотосуреттерді көре алады.
Айта кетейік, Александр Затаевич – қазақ кәсіби фортепиано музыкасының негізін қалаушылардың бірі. Ол 2300-ден астам музыкалық фольклор туындысын жазған. Ол «Фортепианоға арналған миниатюралар түріндегі қазақ әндері», «Қазақстандық татар әндері», «Қазақстан әндері», «Қазақстандық татарлардың 60 әні», «250 қырғыз аспаптық пьесасы мен әуені», «Түрлі халықтардың әндері», «Қырғыз аспаптық пьесалары мен әуендері» және басқа да еңбектердің авторы. Музыкант-ғалымның «Қазақ халқының 1000 әні» және «500 қазақ күйлері мен әндері» атты еңбектері – ежелгі заманнан 1930 жылдарға дейінгі барлық қазақ музыкалық фольклорын қамтитын жинақ.
Көрме 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін өтеді.

121 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз