- Айна
- 02 Сәуір, 2024
Душанбе - Астана - Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейс ұшты
Душанбе - Астана - Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейсі орындалды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды. Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты.
Астана-Душанбе бағыты бойынша ұшуларды "Somon Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Б-737 үлгісіндегі әуе кемесінде орындайтын болады.
Әуе бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
236 рет
көрсетілді0
пікір