Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Сәуір, 2024

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

 Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сеул мэрі О Се Хунмен кездесті. Тараптар қазақстандық студенттерге шәкіртақы беру туралы Меморандумға қол қойды.

      2024 жылдан бастап Сеул қаласының әкімдігі Қазақстан азаматтарына жасанды интеллект, робототехника, биология, финтех/блокчейн сияқты техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша магистратурада оқу үшін 5 білім грантын бөледі.

      Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның төрт жетекші университетінде (Sungkyunkwan University, Kyung Hee University, Hanyang University, University of Seoul) білім ала алады.

     Сондай-ақ министр С.Нұрбек пен Кенгидо провинциясының білім басқармасының басшысы Им Тэ Хи мырзаның кездесуі өтті.

     Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кенгидо провинциясының білім басқармасы арасында педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандық түлектерді провинциялық мектептерде орыс тілін оқыту үшін Оңтүстік Кореяға жіберу туралы меморандумға қол қойылды.

Фото: gov.kz

214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз