Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Сәуір, 2024

Баспанасыз адамдарды ұрлап, аттарына несие рәсімдеген: Алматыда қылмыстық топ ұсталды

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады. 

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды.

Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Фото: ашық дереккөз

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз