Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Сәуір, 2024

Қазақстан тарихында алғаш рет ауыр атлеттер Олимпиададан тыс қалды

Қазақстандық ауыр атлеттер үшін Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогы мәресіне жетті. Нәтижесінде тәуелсіз Қазақстан тарихында ауыр атлеттеріміз алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен тыс қалды. 

Аталған біріншілікте бақ сынап жатқан спортшыларымыз арасынан жанкүйерлер 89 келі салмақта Сергей Петровичке қатты сенім артқан болатын. Өкінішке қарай лицензиялық жарыста бапкерлер оны C тобында сынға қосты. Петрович өзі бақ сынаған топта топ жарғаныменбұл салмақтағы Олимпиада жолдамасының иегерлері А және В тобы арасындағы жеңімпаздар арасында анықталды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова чемпион атанды. Бірақ артынша олардың допинг қолданғаны дәлелденіп, барлығы медальдарын ХОК-ке қайтарған еді. Араға тағы 4 жыл салып Бразилияда Ниджад Рахимов Рио Олимпиадасында чемпион атанды. Алайда, ол да артынша допинг пайдаланғаны анықталды. Ниджад та алтын медалін алдыңғылар сияқты қайтарып берді.

Өкініштісі, биыл Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан ауыр атлеттер ешбір жолдамаға қол жеткізе алмады. 

796 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз