Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Сәуір, 2024

Жапонияның оңтүстік-батысында жер сілкінді

Жапонияның Миядзаки префектурасында оңтүстік-батысындағы аудандарда магнитудасы 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Цунами туралы ескерту жарияланған жоқ, деп хабарлайды Kyodo Newsагенттігі. 

Жер сілкінісі Жапонияның сейсмикалық құбылыстар қарқынының 7 балдық шкаласы бойынша 5-тен төмен деңгейде тіркелді, ошағы Осуми түбегінің шығыс жағалауында, 39 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Kyushu Electric Power Co мәліметінше, Кагосима префектурасындағы Сендай атом электр станциясында ешқандай ауытқулар анықталған жоқ.

1379 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз