- Шартарап
- 10 Сәуір, 2024
Оңтүстік Кореяда қазақстандық мерт болды

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы көз жұмды.
Қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласындағы шыны өндіру зауытында болған. Алдын ала дерек бойынша, кәсіпорында 30 жастағы қазақстандықты тоқ соққан. Ол ауруханада көз жұмған. Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Қазақстан азаматы өндіріс орнында көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, тиісті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз, - деді ол.

1707 рет
көрсетілді0
пікір