Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Сәуір, 2024

Атырау облысында жоғалған ер адам табылды

Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты. 

Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты.

Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.

545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз