Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Сәуір, 2024

Су тасқыны: 7 облыста көлік қозғалысы шектелді

? Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпарат

 

2024 жылғы 14 сәуірдегі сағат 11:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай, ШҚО) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4970 метр болатын су тасқыны орын алды.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, ШҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 550 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 339 бірлік техника мен 723 адам жұмылдырылған.

232 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз