- Айна
- 14 Сәуір, 2024
Құлсарыда жоғалған ер адамның денесі табылды
Құлсарыда жоғалған ер адамның денесі табылды.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі 2000 жылы туған баласымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған.
Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
«Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.
333 рет
көрсетілді0
пікір