- Аймақ тынысы
- 15 Сәуір, 2024
Құлсары қаласында сауда орындары ашылып, автобус жүре бастады
Атырау облысындағы Құлсары қаласында сауда орындары ашылып, автобус жүре бастады, – деп хабарлайды kazgazeta.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуына қарағанда, суда орындары қалыпты жұмысына кірісті. Оның ішінде 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Сондай-ақ, 20-ға жуық дәріхана қайтадан ашылды.
Фото: дереккөзден алынды
403 рет
көрсетілді0
пікір