Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2024

«ҚазАзот» өңірлердегі су тасқынымен күресуге 46 млн теңге бөлді

«ҚазАзот» Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында 46 миллион теңге бөлді. Бұл туралы mangystaumedia.kzхабарлайды.

Төтенше жағдайдың алғашқы күндері серіктестік Ақтөбе облысындағы мұқтаж 100 отбасына 119 азық-түлік себетін және жылы киім-кешек жіберді. Сондай-ақ бөгеттерді салуға 4000 қап салды. Қаржылық көмектен бөлек, «ҚазАзот» су тасқынының алдын алу және зардаптарын жоюға қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына компания қызметкерлерінен 30 ерікті адам қажетті гуманитарлық көмек көрсету үшін барды. Компания қызметкерлерін маңызды жұмысты орындау үшін қажетті барлық нәрселермен толық қамтамасыз етті. Әрбір қызметкердің жалақысы сақталады және іссапар шығындары төленетін болады. Сондай-ақ, «ҚазАзот» Оралға 1 вагон құрал-сайман, азық-түлік, жылы киім сынды гуманитарлық көмек, сондай-ақ бөгет салу үшін 134 мың қап жөнелтті. 11 сәуірге қараған түні мекеме Ақтау-Орал рейсімен шұғыл түрде 4 тонна гуманитарлық жүкті (37 мың қап) жөнелтті.

Фото: дереккөзден алынды

158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз