- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Сәуір, 2024
5 облыста қозғалыс шектелді
ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте су тасқыны кезеңінің басынан бастап республикалық жолдарда барлығы 162 су басу оқиғасы тіркелгенін, салдарынан жол төсемі мен жол жиектерін су шаю фактілері орын алғанын атап өтті.
Жалпы ұзындығы 618 шақырым болатын 9 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Елді мекендерге қауіп төндірмеу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұзындығы 70 метр болатын 8 учаскеде еріген қар суын өткізу үшін жол төсемін мәжбүрлі түрде бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Жергілікті жолдар бойынша 12 облыста су басудың 333 жағдайы тіркелді. жалпы ұзындығы 1 238 шақырымды құрайтын 90 учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды», - деді спикер.
Фото: дереккөзден алынды
315 рет
көрсетілді0
пікір