Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Сәуір, 2024

Иран мен Израильде неше қазақстандық бар?

Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.
"Израиль мемлекетінің аумағында консулдық есепте тұрған 123 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде Қазақстан елшілігі қызметкерлері мен жанұя мүшелері де бар. Бірақ кейбір расталмаған деректер бойынша Израильде қосымша 100-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Олар консулдық есепке мүлдем тұрмаған", - деді Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында.

СІМ ресми өкілі Израиль астанасы Тель-Авивте халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандықтан келіп-кету шектелмегенін ескертті.
"Иранда консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтарының жалпы саны 104 адам болып отыр. Оның ішінде Қазақстан елшілігінің қызметкерлері және солардың жанұя мүшелері бар. Бұған қоса Иран аумағында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың бірінде 174 қызметкер бар. Олар вахталық тәсілмен жұмыс істегендіктен консулдық есепке тұрмайды. Олардың бәрімен тікелей байланыс орнатылған, бәрі бақылауда", - деді ол.

 

180 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз