- Фотогалерея
- 01 Мамыр, 2024
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып жатыр
Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.
Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін БҚО-ға іссапармен жіберілген еріктілерге, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 1 мамырда Абай алаңында «Береке – бірлікте» жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтар мен мәдениет қайраткерлері марапатталды.
Мереке концерттік бағдарламамен, қайырымдылық акцияларымен, жәрмеңкелермен және байқаулармен жалғасуда.
Одан түскен ақша су тасқыны салдарын жою үшін «Демеу Қазақстан қоры» қорына аударылады.11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастрофестиваль өтті, онда 10-нан астам мейрамхана түрлі ұлттың тағамдарын ұсынды.
Ал кешке сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді.
Суреттерді түсірген - Юрий Бекккер, Досжан Балабекұлы
10355 рет
көрсетілді0
пікір