- Құмсағат
- 03 Мамыр, 2024
Астаналық студенттер мен оқушылар арасында эстафета өтеді

Астаналық студенттер мен оқушылар арасында жеңілатлетикалық эстафета жарысы өтеді.
6 мамыр күні елордадағы Триатлон саябағында астаналық мектептердің 8-11 сынып оқушылары ООО және ЖОО студенттері арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета жарысы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Эстафета жарысына спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен оқушылар мен студенттер ғана қатыса алады. Команда өкілдерінің эстафетаға қатысуға басшы мен дәрігер куәландырған өтінімі болуы қажет.
Барлық қатысушыларды жарысқа жіберудің міндетті шарты алдын ала дәрігерлік тексеруден өту және мандаттық комиссияға өтінім беру болып саналады.
Жарыстың өтетін уақыты: сағат 15.00.

937 рет
көрсетілді0
пікір