- Таным
- 11 Мамыр, 2024
Жеңісті жақындатқан батыр
Тарихтағы аса ірі де қасіретті оқиға – Екінші Дүниежүзілік соғыс. 1941–1945 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік соғыс және оның батырлары туралы құжаттар мен фотосуреттер Президент архивінде сақтаулы. Осы материалдардың негізінде көптеген архивтік құжат жинағы, ғылыми зерттеулер, газет-журналдарға мақалалар беріліп, телебағдарламалар түсірілді.
2010 жылы Президент архивінен «Рассекреченная война. «Особые папки» ЦК КП(б) Казахстана. 1941–1945 гг.» атты құжат жинағы Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес одағының Батыры атағына ие болды.
Елеусіз қалған батырымыз Рақымжан Қошқарбаевқа 54 жылдан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Биыл 2024 жылғы 19 қазанда даңқты жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. 1945 жылғы 30 сәуірде Рейхстагқа алғашқы Жеңіс туын тігіушілер ретінде сарбаз Булатов пен Қошқарбаев та Кеңес одағы Батыры атағына ұсынылған, бірақ Қызыл Ту орденінің иегері болды.
Осыдан 25 жыл бұрын оған еліміздің жоғарғы ерекшелік белгісі «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 1999 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қошқарбаевқа (19.10.1924 – 10.08.1988) жоғарғы ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағын беру туралы №136 Жарлыққа қол қойды. Жарлықта «Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа жоғарғы ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы» атағы берілсін» деп көрсетілген. Аталған құжат Президент архивінің қорында сақтаулы тұр.
Биыл 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Айбын» орденінің дәрежелері батырлар есімімен аталатынын айтты. Аталған заң 2024 жылғы 26 сәуірде қабылданды. Онда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру қарастырылған.
Әйгерім Бақтыбаева,
Президент архивінің
аға сарапшысы
3791 рет
көрсетілді0
пікір