- Құмсағат
- 11 Мамыр, 2024
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бақытжан Абдурахманов қола жүлдегер атанды

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің екінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті.
Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Бақытжан Абдурахманов (-73 кг) көтерілді. Бұл спортшымыздың мансабындағы тұңғыш Grand Slam жүлдесі.Кіші финалда Абдурахманов Ирландия спортшысы Джошуа Гриннан басым түсті. Бұл нәтижеге спортшымызға әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.
Сондай-ақ, бүгін рейтингтік жарыстың үшінші орны үшін Абылайхан Жұбаназар (-81кг) мен Екатерина Токарева (-70кг) бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күнінде Ғалия Тынбаева алтын, Елдос Сметов қола жүлде еншілеген болатын.
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыс 12 мамырға дейін жалғасады.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

486 рет
көрсетілді0
пікір