Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 11 Мамыр, 2024

Абылайхан Жұбаназар Astana Grand Slam турнирінің қола жүлдегері

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны төртінші медальмен толықты, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар турнирдің қола медалін жеңіп алды. 

Ол кіші финалда швейцариялық қарсыласын "иппон" ұпайымен ұтты. 

Осылайша, Абылайхан әлемдік Grand Slam турниріндегі төртінші медалін алды.

Айта кетелік, өткен аптада Абылайхан Душанбе турнирінің қоласын иеленген. 

606 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз