- Құмсағат
- 18 Мамыр, 2024
Нора Джеруто Париж Олимпиадасына барады

Нора Джеруто Париж Олимпиадасына барады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен USATF Los Angeles Grand Prix жарысында 3-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ол кедергілерді еңсере отырып, 3000 метрді 9 минут, 22.45 секундта жүгіріп өтіп, Олимпиада нормативін орындады.
Қазақстанға 2022 жылы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперген спортшы жазда Париждегі ойындарға барады.
Бұл жеңіл атлетикадан қоржынға түскен 2-лицензия. Ал жалпы квота саны 52-ге жетті.

824 рет
көрсетілді0
пікір