Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Мамыр, 2024

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы халықаралық жарыстардың қола жүлдегері атанды

«Дружба» кубогы мен «Золотая штурмовка» халықаралық жарыстары үшінші күнінің қорытындысы бойынша 4х100м өрт эстафетасының түрінен өткізілген өрт - құтқару спортынан еліміздің әйелдер ұлттық құрамасы 63,43 секунд нәтижемен жүлделі III орынға ие болды. Қазақстан құрамасының құрамында: Лукьянова Алена, Тұрсын Айдана, Реджеметова Ситора, Золба Оксана. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Беларусь Республикасының әйелдер құрамасы 59,56 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Ресей Федерациясы 58,49 секунд нәтижемен өрт эстафетасының чемпионы атанды.

Ерлер арасындағы 4х100м өрт эстафетасы  түрінен еліміздің ерлер ұлттық құрамасы 57,8 секунд нәтижемен 4-ші орынды иеленді. Қазақстан құрамасының құрамында: Савинцев Артур, Романов Максат, Снегирев Дмитрий, Текенов Бауыржан.

56,94 секунд нәтижемен Өзбекстан Республикасының спортшылары қола жүлдегер атанды.

Беларусь Республикасының ерлер құрамасы 56,37 секунд нәтижемен күміс жүлдені иеленді.

Ресей Федерациясы 55,33 секунд нәтижемен ерлер арасындағы өрт эстафетасының чемпионы атанды.

Ертең жарыстың соңғы шешуші күні жауынгерлік қанат жаю түрінен өткізілетін болады.

Фото: gov.kz

932 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз