- Құмсағат
- 25 Мамыр, 2024
Анна Нурмухамбетова олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды

Анна Нурмухамбетова араға 12 жыл салып, олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама сапында сынға түскен Анна Нурмухамбетоваға Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымызға медальді Перу астанасы Лимада спорттың осы түрінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында салтанатты түрде табыстады.
Еске сала кетейік, 2012 жылғы ойындарда Анна 69 кг дейінгі салмақта жалпы есепте 5-сатыға жайғасқан. Арада біраз уақыт өткенде жүлделер қайта үлестірілді. Марина Шкерманкова (Беларусь) мен Дина Сазановец (Беларусь) тыйым салынған препарат қолданғаны үшін спорттан шеттетілді. Олардың нәтижесі жойылып, Нурмухамбетова қола медаль алған..
Сосын, 2020 жылы күміспен күптелген румын атлеті Роксана Кокоштың сынамасы қайта тексеріліп, допинг анықталды. Кейін оның да нәтижесі жойылып, күмісін қайтарып берді.
Қайта медаль үлестіру кезінде Анна 2-сатыға көтеріліп, оның қоласы колумбиялық Убальдина Вальеске берілді.
Қазіргі есеп бойынша Қазақстан Лондон Олимпиадасынан 3 алтын, 2 күміс, 6 қоламен қайтты деген сөз.
Фото: дереккөзден алынды

739 рет
көрсетілді0
пікір