Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Мамыр, 2024

Challenge Cup: қазақстандық гимнастшылар үш медаль жеңіп алды

Болгарияда өткен Challenge Cup әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына 3 медаль түсті. Бұл туралы Қазақстанның гимнастика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазылды.

Варнада өтіп жатқан жарыста қоржынымыз 2 алтын және 1 қола жүлдемен толықты. Ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снаряды жаттығуы финалында 15.433 ұпаймен қарсыласқа шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ал еркін жаттығуы финалында Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен тұғыр биігінен көрінсе, тағы бір отандасымыз Асан Сәлімов 13.533 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Гимнасшыларымыз бен бапкерлерді жетістікпен құттықтаймыз! - делінген хабарламада.

786 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз