Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Мамыр, 2024

Норвегияда Қазақстанның экономикалық әлеуеті таныстырылды

Осло, 2024 жылғы 27 мамыр – Норвегия астанасында Қазақстанның сауда, өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған бизнес-семинар өтті. Іс-шараны Қазақстанның Ослодағы Елшілігі мен Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы («Østhandelskammeret») ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылардың алдында Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов, Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы Директорлар кеңесінің төрағасы Марит Хаугсет, сондай-ақ бірқатар қазақ және норвег компаниялардың, оның ішінде «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Органик Фиш», «Семург Инвест» ЖШС және «Норвегияның Ругаланн және Агдер аймақтарының ауыл шаруашылығы кооперативінің» («Felleskjøpet Rogaland Agder») өкілдері сөз сөйледі.

Норвег тарапынан сұрақ-жауап сессиясында Норвегияның Қазақстандағы Елшісі (Осло қ. резиденциясымен) Йон Микал Квистад, Сауда, өнеркәсіп және балық шаруашылығы министрлігінің өкілдері, аквамәдениет, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және энергетика саласындағы компаниялардың менеджерлері қатысты.

Сол күні B2B кездесулері өтті, оның барысында екі елдің бизнесмендері нақты жобаларды талқылауға мүмкіндік алды.

Жалпы, іс-шара Астана мен Осло арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыруға деген қызығушылықтың өзара өсуін көрсетті.

Өткізілген «дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша ү.ж. күзінде Қазақстанға келетін норвегиялық бизнес делегациясын құру жоспарлануда.

Фото: дереккөзден алынды

855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз