Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Мамыр, 2024

Жеке сот орындаушы өз өкілеттігін теріс пайдаланған

Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау фактілерін анықтады.

Жамбыл облысының прокуратурасы атап өткендей, сот орындаушысы 46 борышкерден өндіріп алынған соммасы 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.

Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 251-бабының 2-бөлігімен (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына жүктелді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз