Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Мамыр, 2024

Әскери ардагерлер бүлдіршіндермен кездесті

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымы балалармен кездесу ұйымдастырды.

Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қалалық білім бөлімінің "Балақай" бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында "Балалар қуанышы" тақырыбымен кең ауқымды  мерекелік шара өтті.

Іс-шара қонағы Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебековты "Балақай" бөбекжайы зор құрметпен күтіп алды. Алдымен бүлдіршіндер балғын балалық шақ тақырыбында тақпақтар айтып, өй-өрісті дамыту мақсатындағы берілген жұмбақтарды шешті. Сонымен қатар әр топқа бөлінген бөбекжай бүлдіршіндері "Бейбіт күн" тақырыбында түрлі-түсті суреттер салып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Ардагер аға Т.Кенжебеков бөбекжай бүлдіршіндерін бір ортаға жинап, оларға балалық шақтың қызығы мен көпұлтты Қазақстанның бейбітшілікті сақтаған ел ретіндегі маңызы туралы айтып берді.

"Бақытты балалық шақ - адам өмірінің естен кетпес ең қызықты сәттерінің бірі болып табылатыны анық. Келешегінен көп үміт күттіретін балғын бүлдіршіндеріміз тыныштық пен тұрақтылықты сақтаған Тәуелсіз Қазақстан елінде бақытты өмір сүріп келеді", - деп, құттықтау сөз сөйлеген ардагер аға Тілек Алшымбекұлы "Балақай" бөбекжайы ұжымы мен бүлдіршіндерін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға бар жақсылық пен зор табыстар тіледі.

 

Думан Жұмашұлы

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы 

485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз