Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Мамыр, 2024

«Қаһарман»: әскери-ғылыми байқауы

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында жоғары әскери және республикалық оқу орындарының курсанттары мен студенттері арасында өткізілген және Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Қаһарман» атты әскери-ғылыми байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Байқаудың негізгі мақсаты: әскери ғылымды дамыту және ғылымға икемдеу процесін алға бастыру; жас ғалымдардың әскери-ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, ынталандыру, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. Байқауға Әскери ЖОО-ның курсанттары мен ЖОО-ның студенттері қатыса алады. Сондай-ақ, Әскери ғылым саласының өзекті мәселелерін көтеретін қолданбалы және гуманитарлы аспектісін қамтитын ғылыми жұмыстар қабылданады.

Аталған байқау қорытындысын анықтауға Әскери-ғылыми байқауға әскери оқу орындарының курсанттары да, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары бой көрсетті. Ғылыми байқауға 14 зерттеу жұмысы түскен. Байқау үш кезең бойынша өтті. I орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының 12 ротасының курсанты Ілияс Төлеубаев (ғылыми жетекшісі подполковник Қуат Көпжасарұлы) иеленсе, II орын Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің 4-курс студенті Айым Сағынғалиға бұйырды, ал III орынды ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанты Беркімбай Қажыгелді қанжығасына байлады.

Комиссия мүшелеріне ғылыми дәрежесі бар, ғылыми ұйымдар мен конкурсқа қатыспайтын ЖОО-ның, ғылыми институттардың ғалымдары бекітілді. Байқау жеңімпаздарына бірінші орынды «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, екінші орынды «Жас ғалымдар» ұйымы, кезекті үшінші орынды «Әскери ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Мұхтар Өмірсерікұлы табыстады.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институт басшылығының орынбасары Жәнібек Сұлтанұлы бүгінгі таңда әскери ғылымды, әскер саласын зерттеуде жас ғалымдарды қолдау, икемдеу қажеттігін айта келе, институтымыздың басты миссиясының бірі екендігін жеткізді.

Ал байқаудың аяқ-қасында болған Әскери институтының ғылыми бөлімнің доценті, ф.ғ.к. Қарлығаш Шаймұратқызы:

 «Негізінен, әрбір әскери институттар жас әскери сарбаздарды, жас ғалымдарды ғылымға баулу жұмыстарын жүргізсе, әскери ғылым саласы әлдеқайда дамып кетер еді, көптеген әскери-ғылыми кадрлар шығатын еді. Сондықтан, осындай әскери оқу ордаларының ішінде ерекшеленген, өзгешеленген оқу ордасы - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты ерледі. комиссия мүшелері он күн жұмыс жасап әділ бағасын берді деп ойлаймын», - деп үн қатты.

Әскери ғылым — соғыс қимылдарын жүргізу құралдары мен тәсілдерін, соғыс өнері мен заңдарын зерттейтін ғылым саласы. Ел әскері сыртқы қауіпке қауқарлы, қуатты болмай, тәуелсіздікке кепіл жоғы мәлім. Әскери қызметшілердің патриоттық сезімін, құқықтық тәрбиесін көтеру бір мәселе болса, соғыс қимылдарындағы әскери тактиканы, қару-жарақ түрлері мен өлшемдері, азат әскердің бет-бейнесі мен тұлғасының айрықша үлгісін көрсету һәм қалыптастыру – кезек күттірмейтін екінші бір мәселе.

Әскери ғылыми байқауды қолдаушы, демеуші - РОО «Әскери ғылым академиясы», РОО «Генералдар кеңесі».

 

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз