- Шартарап
- 30 Мамыр, 2024
Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты

Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты.
Іс-шара барысында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрестегі, көлік, логистика және жасыл энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Министр М.Нұртілеу өз сөзінде бүгінгі таңда Орталық Азия геосаяси шындыққа өзіндік көзқарасы және кең сауда-экономикалық мүмкіндіктері бар қарқынды дамып келе жатқан өңір екенін атап өтті.
«Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқару қоры және Ядролық қарудан азат аймақ құру Орталық Азияның нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және ортақ сын-қатерлерге қарсы тұруға деген біржақты ұмтылысының жарқын көрінісі», – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы.
М.Нұртілеу атап өткендей, Римдегі кездесу уақтылы өтіп жатқанын және практикалық қадамдарды талқылауға, Италияның Орталық Азия өңірі елдерімен ынтымақтастығының жаңа салаларын айқындауға мүмкіндік береді.
Фото: PressMFAKZ

1090 рет
көрсетілді0
пікір