Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Мамыр, 2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды

Абай облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Оған басқарма басшылары, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары және т. б. қатысты.
Отырыс барысында денсаулық сақтау саласы мен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың орындалуы туралы мәселелер талқыланды.
Қоғам белсенділері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы және азық-түлікті бақылауға қатысты сұрақтарын қойды.
Отырыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссия жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізіп, өз жұмысын жалғастыруда.
 

Фото: Абай облысының әкімдігі

642 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз