Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Мамыр, 2024

Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты

Рим, 2024 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты.

Іс-шара барысында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрестегі, көлік, логистика және жасыл энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Министр М.Нұртілеу өз сөзінде бүгінгі таңда Орталық Азия геосаяси шындыққа өзіндік көзқарасы және кең сауда-экономикалық мүмкіндіктері бар қарқынды дамып келе жатқан өңір екенін атап өтті.

«Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқару қоры және Ядролық қарудан азат аймақ құру Орталық Азияның нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және ортақ сын-қатерлерге қарсы тұруға деген біржақты ұмтылысының жарқын көрінісі», – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

Конференция барысында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакала баяндама жасады.

Бұдан басқа, «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясы аясында су және энергетикалық ынтымақтастыққа, жаһандық өзара байланысқа және жоғары білімге арналған тақырыптық сессиялар өтті, оларға Сыртқы істер және энергетика министрліктерінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ және ҚР жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Фото: gov.kz

948 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз