Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Мамыр, 2024

Түркістан облысының волонтерлеріне алғыс хаттар табысталды

Гуманитарлық көмек жинауға қатысқан Түркістан облысының волонтерлеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістанда «Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шара дарынды жастарды қолдауға, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеруге, ораторлық мәдениетті дамытуға бағытталған.

Бұл сайысқа қатысуға  100-ге жуық команда өтініш берген. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл,  Павлодар және Қызылорда облыстарынан да командалар қатысты.

Ойынның нәтижесі бойынша І-ші орынды және 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақымен Сайрам ауданының «Эрудит» командасы білімнің жеңіс тұғырынан орын алды. ІІ-ші орын және 500 000 тг көлеміндегі сыйақыны Жамбыл облысынан келген «Chicago bulls» командасына, ІІІ-ші орын және қаржылай 300 000 тг сыйақымен Бәйдібек ауданының «BBC» командасына табысталды.

Аталмыш интеллектуалды сайыстың финалдық кезеңіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев,  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов қатысып, жеңімпаз атанған жастарды марапаттап, жеңістерімен құттықтады.

Сонымен қатар,  Б.Н. Әлімжановтың Түркістан облысы сапары барысында елімізде болған су тасқынымен күресуге батыс өңірлерге табан тіреп, еңбек еткен жастарды, гуманитарлы көмекті жинауда ат салысқан волонтерлерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапаттады.

Фото: дереккөзден алынды

120 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз