Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Мамыр, 2024

Биыл әлеуметтік төлемдер мөлшері 18,3%-ға артты

Балаларды әлеуметтік қолдау негізі әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде көрсетіледі. Оның ішінде ана мен баланы әлеуметтік қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптастырылған. Мемлекет тарапынан 5 түрлі жәрдемақы төленеді және Мемлекеттік-әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 түрлі әлеуметтік төлем төленеді. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.

Мүгедектігі бар немесе асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер ҚР Конституциясы бойынша әлеуметтік қамсыздандырудың кепілдігі ретінде беріледі. Биылғы жоспар бойынша әлеуметтік төлемдер 4,4% отбасыларға берілуі тиіс. Осыған мемлекеттік бюджеттен 2 трлн 285 млрд теңге қаржы қарастырылған. Былтырға қарағанда бұл қаражат 18,3%-ға артық. Ағымдағы жылдың 4 айында 3 млн астам отбасы әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақы алды.

«Соның ішінде жұмыс істейтін ата-аналарға берілетін міндетті деңгейдегі жұмыс берушілердің қаражаты есебінен әлеуметтік аударымдар негізінде әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда 1 реттік әлеуметтік төлем төленеді. Биылғы жылы бұндай төлем 285 мыңнан астам аналарға төленетіндігі күтіп отырмыз. Ағымдағы 4 айдың ішінде бұл төлемді 90 мыңнан астам адамға төленді. Бала туғанда берілетін бір реттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері де ұлғайды. Егер де биылғы жылы 1,2,3 туылған балаға 140 мың теңге, 4 және одан да жоғары балаларға 232 мың теңгеден астам әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Жыл басынан бері бұл төлем 136 мың отбасыға тағайындалған», – деді спикер.

Жұмыс істемейтін ата-аналар үшін бала 1,5 жасқа толғанға дейін әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері туылған баланың кезектілігіне байланысты 21 266 теңгеден 32 859 теңгені құрайды. Ал, жұмыс істейтін ата-аналарға соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-н құрайды. Олардың зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген. Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленеді.

"Жәрдемақы мөлшері – 4 баласы бар отбасы үшін 59 183 теңгеден 8 баласы бар отбасылар үшін 118 144 теңгеге дейін балалар саны бойынша сараланған. Ал одан да көп баласы бар отбасылар үшін бұл сома әр бала санына байланысты 14 768 теңгеге артып отырады. Биыл бұл жәрдемақы 601,8 мың отбасына төленеді, бұл мақсаттарға 474,8 млрд теңге қарастырылған", - деді Ғалия Жабагина .

Көпбалалы аналардың беделін арттыру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады, ол табысына қарамастан «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған әйелдерге төленеді. Биыл бұл жәрдемақыны 237 мың 598 анаға төлеу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 70 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ мүгедектігі бар 547 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алып отыр.

195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз