- Безбен
- 01 Маусым, 2024
Елордада 7 автобустың қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада қоғамдық 7 автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретіні белгілі болды.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 32, 43, 50, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп жазды City Transportation Systems ЖШС.
Фото: fotobus.me

439 рет
көрсетілді0
пікір