- Құмсағат
- 02 Маусым, 2024
Валентина Хальзова Париж Олимпиадасына барады

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста 75 келідегі Валентина Хальзова Колумбия спортшысы Ширлейдис Орозконы 5:0 есебімен жеңді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізу үшін Валентина 6 айқас өткізіп, үшінші жарысында ақыры мақсатына жетті.
Бұған дейін осы салмақта бақ сынаған отандастарымыз:
Токио Олимпиадасы
75 келі. Надежда Рябец
Рио Олимпиадасы
75 келі. Дариға Шакимова
Лондон Олимпиадасы
75 келі. Марина Вольнова
Фото: gov.kz

668 рет
көрсетілді0
пікір