- Құмсағат
- 03 Маусым, 2024
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.
Жаттықтырушы ретінде Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның "Легиясын", Ресей құрамасын және Мажарстанның "Ференцварошын" басқарды.
Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:
Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)
Польша чемпионы (2015/16)
Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)
2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)
Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)
Мажарстан кубогының иегері (2021/22)

544 рет
көрсетілді0
пікір