Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 04 Маусым, 2024

Тектұрмас кесенесі

Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан X-XI ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі. Таразға іс-сапармен барған kazgazeta.kz тілшісі осынау қасиетті жер туралы арнайы фоторепортаж түсіріп қайтқан еді.


Кесене сәулетшісі мен құрылысшылары белгісіз. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді төртбұрышты. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа, Тараз қаласына қарап тұр.


Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады, қабырғаларда сылақ іздері бар. Г.А.Пугаченкова кесенені XIV ғасырға жатқызады.

Кесене Сұлтан Махмұдханның жерленген орны болып саналады. Нұсқалардың бірі бойынша ол жергілікті әулие, басқасы бойынша – Қараханид әскерлерінің бас қолбасшысы. Ол исламның таралуына үлкен үлес қосқан. Құрылыстың нақты уақыты туралы деректер жоқ.


XIX ғасырдың соңында кесенені В.А.Каллаур зерттейді. ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы жалғыз фотосурет қалған. Кесене 1935 жылы қиратылады. 1939-1940 жылдары оның үйінділерін Г.И.Пацевич зерттейді. 2002 жылы, Тараздың 2000-жылдығына орай Амангелді Момышевтің бастамасымен кесенені қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қайта жаңарту жұмыстарын жас сәулетші Нұрлыбк Бәкеев қолға алды. Кесене сақталып қалған ескі сурет бойынша қалпына келтірілді.

Тектұрмас кесенесінің төменгі жағында Ұмбасұлы Мәмбет батыр Бәйдібек баба мен Домалақ анамыздан тарайтын Дулат деген немересінен тарайды, бұл кісі XVIII ғасырда өмір сүрген, кезінде Абылай ханның көмекшісі, қолбасшысы болған. Мәмбет атамыз 104-ке келіп Қырғызстан жерінде дүниеден өткен және де қайтыс болғаннан кейін, ұрпақтарының түсіне кіріп, өзін осы Тектұрмас бабамыздың жанына қайта жерлеуді айтып аян етіп айтқан.

Суреттерді түсірген - Досжан Балабекұлы

9223 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз