Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Маусым, 2024

Алматыда велоспорттан Азия чемпионаты өтуіне байланысты жолдары жабылады

Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

6, 7, 8 маусымда сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін Б.Момышұлы көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта «Алматы Арена» кешенінен Сайын көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады. Жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

9, 10, 11, 12 маусымда Б.Момышұлы көшесінің батыс жағындағы жол бойы «Алматы Арена» кешенінен Алматы индустриялық аймаққа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.

Жолдарды жабу кестесі:

• 9 маусым 09:00–ден 18:00–ге дейін;
• 10 маусым 07:00–ден 11:00–ге дейін; 12:00–ден 16:30–ға дейін;
• 11 маусым 07:00–ден 13:00–ге дейін;
• 12 маусым сағат 9:00–ден 14:30–ға дейін.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Фото: olympic.kz

450 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз